Алматыда оқ атудан Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құраманың алдағы халықаралық жарыстарға, оның ішінде 2026 жылы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін Айти – Нагоя жазғы Азия ойындарына және 1-15 қарашаға жоспарланған әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан чемпионаты 10 шілдеде аяқталады.
Бұған дейін Қазақстан ең күшті мергендерін Қытайда өтетін Әлем кубогына жіберетіні хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz