Алматы прокуратурасы шетелдік инвестордың құқығын қорғап, жер телімінің мақсатын өзгерту туралы қаулы шығарды. Бұл құжат инвесторларға жобаны жалғастыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жобаны «Kazakh-Chinese Trade and Logistics Company (Almaty) Ltd» жеке компаниясы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп іске асырып жатыр. Жобаның құны 32,5 млрд теңге, ол 130 жұмыс орнын ашады.
Қадағалау органы бұл туралы 2026 жылғы 22 қыркүйекте хабарлады.
Алматы қаласының прокуратурасы қалада қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру мәселелерін бақылауда ұстауды жалғастыруда.
