
Павлодарда екі жас колледж студенттері құрдастарын жүйелі түрде қорқытып ақша жинау схемасын дайындаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, күдіктілер құрбандары ретінде өздері сияқты студенттерді таңдап, ақшаны қорқыту және күш қолдану арқылы талап етпек болған. Алайда олар әрекетін жүзеге асыра алмай, жедел-іздестіру шаралары кезінде ұсталды. Қазір екеуі де қамауда. Қылмыстық істер қозғалды.
«Заңсыз әрекет ерте сатысында тоқтатылып, одан әрі дамуына жол берілмеді. Қазір ұсталғандардың басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы тексерілуде. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», — деді облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Дереккөз: Almaty.tv