
Атырау тұрғындары тұрғын үй кешенінің айналасындағы қоқыс үйіндісімен күресе алмай жүр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Олардың айтуынша, мәселе 10 жылдан астам уақыт бойы шешілмей келеді. Шашылып жатқан қалдықтардың кесірінен аумақта жәндіктер мен егеуқұйрықтар пайда болған. Тұрғындар кеміргіштер көптеген қауіпті аурулардың тасымалдаушысы екеніне алаңдаулы.
«Барлығы шіріп, сасып жатыр. Балаларым үшін қорқамын. Бұл олардың денсаулығына қауіпті – түрлі аурулар жұқтыруы мүмкін. Үстіне, аумақ қоршалмаған, бәрі шашылып жатыр. Осы уақытқа дейін ешқандай шара қолданылған жоқ», – деді қала тұрғыны Гүлжихан Әбуғалиева.
Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, қоқыстан шыққан жағымсыз иіс бүкіл маңайға тараған. Осыған байланысты тұрғындар терезелерін ашып, үйлерін желдетуді ұмытқан. Ыстық ауа райында жағдай одан сайын ушығады. Алайда қоқыс шығару компаниясы барлық айыптауларды жоққа шығарады. Олар тазалау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын айтады.
«Біз тарапымыздан тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыс күн сайын жүргізіледі. Өтініш түскен бойда біз дерек тазалаймыз. Мәселе мынада: алаңдар тұрмыстық қалдықтарға арналған, ал ірі компаниялар ол жерге құрылыс қоқысын тастайды. Мұндай қалдықтар арнайы полигондарға шығарылуы керек», – деді қоқыс шығару компаниясының жетекшісі Рауан Ибатоллаев.
Дереккөз: Almaty.tv