Алматы тұрғындары Шығыс Қазақстан облысынан әкелінген азық-түлік өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар ет және ет өнімдерін, сүт және балық өнімдерін, бал, күнбағыс майын, шұжық өнімдерін, шай мен балқарағай жаңғағын сатып ала алады.
2026 жылғы 29 қазанда Қазақстанда азық-түлік бағасын бақылау күшейтілетіні белгілі болды.
