...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда қаза тапқан әскери қызметшінің жесірі 8 млн теңге өтемақыны сот арқылы өндірді

Алматы гарнизонының әскери соты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімінен біржолғы ақшалай өтемақы төлеуді талап еткен талап арызды қарады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қаза тапқан әскери қызметшінің төрт баласы мен жұбайы қалған. Жесірі біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауды сұрап өтініш берген, алайда үш жылдық мерзімді өткізіп алғанын негізге ала отырып, оған бас тартылған.

Іс материалдарын зерттей келе, сот мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп танып, оны қалпына келтірді.

Сот шешімімен талап арыз толығымен қанағаттандырылды. Ұлттық ұланның әскери бөліміне талап қоюшыға 8 083 620 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау міндеті жүктелді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Алматыда қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығының орынбасарының ісі қайта қаралып жатқаны белгілі болған. Жазда ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны және есірткі бизнесіне көмектескені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылып, колонияға жіберілген болатын.