...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы Кемел шағын ауданында Қарасу өзенінің жаңа жағалауы ашылды

Алматының Жетісу ауданындағы Кемел шағын ауданында Қарасу өзенінің қаңырап қалған жағалауы серуендеуге, спортпен шұғылдануға және демалысқа арналған қоғамдық кеңістікке айналды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, абаттандыру жұмыстары барысында жағалау нығайтылып, жаяу жүргіншілер аллеялары салынып, тротуар тақтайшалары төселді.

Аумаққа 500-ден астам ағаш пен мыңнан астам бұта мен сәндік өсімдік отырғызылды. Жасыл екпелерді күту үшін автоматты суару жүйесі орнатылды.

«Абаттандыру барысында жағалауды нығайтып, жаяу жүргіншілер аллеяларын жайластырып, тротуар тақтайшаларын төседік. Аумаққа 500-ден астам ағаш пен мыңнан астам бұта мен сәндік өсімдік отырғыздық. Жасыл екпелерді күту үшін автоматты суару жүйесін орнаттық», — деп хабарлады ведомство.

Тұрғындар үшін футбол және волейбол алаңдары, скейт-парк, ниндзя-парк, воркаут аймағы және екі балалар ойын кешені жабдықталды.

Сонымен қатар шолу алаңы, перголалар және көбелек пен бұғы түріндегі фотозоналар пайда болды.