...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Ольга Бузованың Алматыдағы концерті күтпеген жерден болмайтын болды

Билет сатушы ұйымдастырушылар Ольга Бузованың Алматыдағы концертінің өтпейтінін хабарлады. Шешімнің себебі нақтыланбайды — хабарламада тек концерт «ұйымдастырушыларға байланысты емес себептермен» өтпейтіні айтылған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сатып алынған билеттердің ақшасы 14 жұмыс күні ішінде автоматты түрде қайтарылатыны уәде етілген.

Ұйымдастырушылар көрермендерден келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді.

Бұған дейін 40 жастағы Ольга Бузова жаңа әрі маңызды мәртебеге ие болғаны хабарланған.