...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Нұрғали Нұғман продюсердің зорлығы туралы айтты: Алматы полициясы тергеу бастады

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Мәжіліс кулуарларында актер Нұрғали Нұғманның Алматыдағы продюсер тарапынан жыныстық зорлық көргені туралы мәлімдемесіне қатысты тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға жедел ден қойып, қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі де жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Вице-министрдің айтуынша, тергеу аясында барлық дәлелдер тексеріліп, оқиғаға құқықтық баға беріледі.

Тергеу қазірдің өзінде басталды, барлық дәлелдер тексеріледі, — деді вице-министр.

Ол сондай-ақ актердің қазір Қазақстаннан тыс жерде — Қытайда екенін, оралған соң құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізетінін хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін актер «Балапан» телеарнасының продюсері тарапынан жыныстық зорлық көргенін мәлімдеген еді.

Дереккөз: Nur.kz