
Қазақстанның үш ірі қаласында 14-16 мамыр аралығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер Алматы, Астана және Шымкент бойынша жаңартылған болжамды жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астана: 14 мамырда ауа температурасы түнде +3+5°C, күндіз +18+20°C, жел 12 м/с дейін. 15 мамырда түнде +1+3°C, топырақ бетінде -2°C аяз, күндіз +21+23°C. 16 мамырда түнде +5+7°C, күндіз +23+25°C.
Алматы: 14 мамырда түнде +6+8°C, күндіз +20+22°C, жел 3-8 м/с. 15 мамырда түнде +7+9°C, күндіз +17+19°C. 16 мамырда түнде +7+9°C, күндіз +20+22°C.
Шымкент: 14 мамырда түнде +10+12°C, күндіз +27+29°C, жел 20 м/с дейін. 15 мамырда түнде +15+17°C, күндіз +29+31°C, жел 15-20 м/с. 16 мамырда түнде +15+17°C, күндіз +31+33°C, жел 13 м/с дейін.
Барлық қалаларда айнымалы бұлттылық, жауын-шашын күтілмейді.
Дереккөз: Zakon.kz