...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Наурызбай ауданында төрт әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі

Алматының Наурызбай ауданында төрт әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Оларды дайындық жұмыстары толық аяқталғаннан кейін пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

№15 мектеп-интернатының құрылыс дайындығы 99%-ға жетті. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған, қазір мамандар іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуде. №174 мектепке қосымша ғимарат толық дайын. Нысан Алматы білім басқармасының балансына берілуде. Сонымен қатар, Нұрлы Дала және Құрамыс шағын аудандарында балабақшалар ашылуға дайындалуда, онда қажетті жабдықтарды орнату жалғасуда. Қалқаман шағын ауданындағы тағы бір балабақша 99%-ға дайын. Нысанда сыртқы инженерлік желілерді және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталуда.

Дереккөз: Inalmaty.kz