...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Медеу-Шымбұлақ жолында инженерлік инфрақұрылым жаңартылуда

Алматыда Медеу мен «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты арасындағы учаскеде инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда. Жұмыстар Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша жүргізіліп, коммуналдық жүйелердің сенімділігін арттыруға және туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жоба аясында орташа қысымды 5,7 шақырым газ құбыры және 2,7 шақырым су бұру желілері салынады. Жобаны іске асыру осы бағыт бойындағы нысандарды, оның ішінде «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының аумағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісті. Газ құбырының алғашқы учаскелерін монтаждау, су бұру желілерін салу және темірбетон құдықтарды орнату жүргізілуде. Инженерлік желілердің құрылысын 2026 жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Барлық жұмыстар жобалық құжаттамаға, құрылыс нормаларына және экологиялық талаптарға сәйкес орындалуда. Табиғи ландшафтты сақтауға және қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға ерекше көңіл бөлінуде.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде жекелеген учаскелерде қозғалысты уақытша шектеу және арнайы техниканың жұмыс істеуі мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтары сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулері сұралады.

Дереккөз: Almaty.tv