...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Медеу бөгетінің үстінде 120 метр биіктікте бірегей оқу-жаттығу өтті

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығу канат жолының жолаушыларын штаттан тыс жағдайда құтқару дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Сценарий бойынша, электр қуатының авариялық өшірілуі салдарынан канат жолы тоқтап, кабиналардағы адамдар биіктікте қамалып қалған. Құтқарушылар жолаушыларды жедел эвакуациялап, шартты зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оларды жиналу аймағына қауіпсіз жеткізуі керек болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар адамдарды құтқарудың әртүрлі тәсілдерін, оның ішінде кабиналардан арнайы арқан жүйелерімен түсуді және тікұшақты қолдану арқылы эвакуациялауды пысықтады. Дәрігерлер мен психологтар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету және қолдау алгоритмдерін жаттықтырды.

Жаттығуға Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, «Барыс» республикалық құтқару қызметі, қалалық Құтқару қызметі, Апаттар медицинасы орталығы, ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ және курорт қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (@112kz_) жарияланымы.

Құтқарушылар бұған дейін де канат жолының кабиналарынан адамдарды шығару операцияларын жүргізген. 2025 жылғы қыркүйекте альпинистік жабдықтың көмегімен ондаған адам эвакуацияланған.

Дереккөз: Zakon.kz