
Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда 13-15 маусым аралығында жылы және негізінен құрғақ ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
13 маусымда ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз +30…+32°С болады. Ауа айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетуі мүмкін.
14 маусымда да ауа айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан секундына 3-8 метр. Түнде +18…+20°С, күндіз +31…+33°С.
15 маусымда ауа айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан секундына 3-8 метр. Түнде +20…+22°С, күндіз күшті ыстық +33…+35°С болады.
Дереккөз: Inalmaty.kz