
24 сәуір 2026 жылы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі дрифт ұйымдастырған жүргізушінің көлігі мен бостандығынан айырылғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Медеу ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбековтің айтуынша, Алматыда әлеуметтік желілерге контент түсіру үшін қауіпті жүргізу жағдайлары көбейіп келеді.
Мен мұндай әрекеттер үшін жауап беруге тура келетінін атап өткім келеді. Бірде-бір осындай факт назардан тыс қалмайды, – деді спикер.
21 сәуір 2026 жылы Алматыда көлік нөмірлерін жаппай бұрап алып, автокөліктерді тәркілей бастағаны белгілі болды. Себебін сілтеме бойынша біле аласыз.
Дереккөз: Zakon.kz