...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Көксай ауылында жол жөндеуге байланысты түнгі уақытта қозғалыс шектеледі

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Көксай ауылында «Жаңа ғасыр» көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеулер 18 шілдеге қараған түні «Кемертөған – Көксай – Теректі» автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізуге байланысты қолданылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қарасай ауданында облыстық маңызы бар «Кемертөған – Көксай – Теректі» автомобиль жолының 0-6,9 км учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жол жұмыстарына байланысты Көксай ауылындағы «Жаңа ғасыр» көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеулер 2026 жылғы 17 шілде сағат 20:00-ден 18 шілде сағат 5:00-ге дейін қолданылады.

Жол қызметтерінің мәліметінше, жөндеу жол төсемінің жағдайын жақсарту, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізілуде.

Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтап, реттеушілердің нұсқауларын орындау сұралады.

Дереккөз: Inalmaty.kz