...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 17 шілдеде қандай нысанды бұза бастағанын әкімдік көрсетті

Бұл туралы 17 шілде 2026 жылы оңтүстік астана әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен қосымша ғимарат заңсыз деп танылып, бұзылуға жатады.

«Нысанды бөлшектеу бүгін қалалық әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды», — деп нақтылады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

2026 жылғы 26 маусымда Алматы орталығында ең ірі қосымша ғимаратты бұза бастағаны белгілі болды. Сот талқылаулары 2 жылға созылды.

Дереккөз: Zakon.kz