Әлеуметтік желіде ҚазҰУ студентінің өмірін қиюға әрекет жасағаны туралы ақпарат тарады, алайда бұл деректер ресми түрде расталмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жазба авторы ақпараттың әзірге ресми растауы жоқ екенін атап өткен. Оқиғаға қатысты ресми түсініктеме алу үшін редакция Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінген.
Сонымен қатар сұрау ҚазҰУ баспасөз қызметіне де жолданды.
Айта кетейік, бұған дейін оқу орнында болған қайғылы оқиғалар да қоғам назарына іліккен болатын. 2026 жылғы 6 қарашада кешке ҚазҰУ студенттік қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты. 11 қарашада бұл трагедияға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек түсініктеме берді.
16 қарашада әлеуметтік желілерде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студентінің қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Оны ҚазҰУ баспасөз қызметі растады. Жігіт география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті болған. Кейінірек Алматы полициясы күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Бірінші курс студентінің қазасынан кейін ҚазҰУ басшылығы басқарма мүшесі – әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректорды, сондай-ақ география және табиғатты пайдалану факультетінің деканын атқарған қызметтерінен босатты.
17 қарашада Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне кешенді тексеру жүргізетіні белгілі болды.
