«Казгидромет» РМК сайтында жарияланған ескертуде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туралы хабарланды. ҚМЖ – бұл жер бетіне жақын атмосфералық ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру керек.
2026 жылғы 12 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжамдалған қалалар туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.
Дереккөз: Zakon.kz