...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Әлем

Air Astana Дубайға рейстерін тоқтатты: Алматы мен Астанадан ұшулар болмайды

Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы бағытындағы рейстер, сондай-ақ 14 шілдеде орындалуы тиіс KC205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері тоқтатылды.

Жолаушыларға билеттерді сатып алған жерінен толық қайтару немесе тегін қайта брондау ұсынылды. 12-18 шілде аралығында жоспарланған рейстер үшін ұшу күнін 31 шілдеге дейінгі кез келген рейске өзгертуге болады.

Air Astana жағдайдың дамуын бақылап, жолаушыларды шығару мәселелерін пысықтап жатқанын хабарлады. Кестедегі одан әрі өзгерістер туралы авиакомпания қосымша хабарлауға уәде берді.

Дереккөз: Inalmaty.kz