...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Әлем

Астана мен Алматыдан Анкараға күнделікті рейстер тамыздан басталады

2025 жылғы тамыздан бастап AJET әуекомпаниясы Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы рейстер санын арттырады, деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, Астана — Анкара және Алматы — Анкара бағыттары бойынша рейстер саны әр бағытта аптасына екіден жетіге дейін өседі.

Көлік министрлігінде халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Рейстер санының артуы Қазақстан мен Түркия арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Бұған дейін Air Astana БАӘ-мен әуе қатынасын тоқтататыны хабарланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz