...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Қазақстандық суретші Кери Хилсонға кілемге салған портретін сыйлады

Қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы американдық әнші Кери Хилсонның кілемге салынған портретін жасап, оны Алматыда әншіге жеке табыс етті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кери Хилсон 2000-жылдардың соңында танымал болған әнші, ол жақын күндері Алматы мен Астанада өнер көрсетеді. Суретші Әсел Сабыржанқызы Instagram-дағы парақшасында әншімен кездесу сәтін бейнелеген видеоны жариялады.

«Міне, Кери Хилсонды ұшып келгеннен кейін күтіп тұрған сыйлық осы! Ол өте мейірімді, стильді, әдемі әрі сүйкімді. Ол менің видеомды көріп үлгеріпті, тіпті өзінің stories-ге салыпты», — деп жазды суретші.

Былтыр Әсел Дженнифер Лопесқа да әншінің бейнесі салынған кілем сыйлаған еді. Лопес мұндай тосын сыйларды жақсы көретінін айтқан.

Дереккөз: Nur.kz