
Forbes Kazakhstan журналы 45 жасқа толмаған ең бай қазақстандық кәсіпкерлердің рейтингін жариялады. Тізімге 8 адам енді, оның ішінде бірінші орында Alatau City Bank бұрынғы иесі және агроөнеркәсіпші Ғалимжан Есенов 564 млн доллар байлығымен тұр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Екінші орында Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің 44 жастағы қызы Айжан Есім. Forbes оның байлығын 207 млн доллар деп бағалады. Үшінші орында агросектор өкілі Алмаз Әлсенов 204 млн доллармен тұр. Төртінші орынды Халықаралық білім беру корпорациясының иесі Айғазы Құсайынов (132 млн доллар) иеленді. Оның құрылымына ҚазГАСА, КАУ, ҚазГАСА колледжі, Digital College, KazGASA School, KAU School және Charterhouse Almaty британдық халықаралық мектебі кіреді.
Бесінші орында 41 жастағы Нұралы Әлиев, Қазақстанның тұңғыш президентінің немересі, байлығы 280 млн доллар.
«Әлиевке Capital Holding және Darmen Holding компанияларындағы мажоритарлық үлестер тиесілі. Сондай-ақ ол Дубайдағы Donatello Hotels and Resorts, Алматыдағы Donatello Boutique Hotel қонақ үйлеріне ие және Алматы мен Астанада ресторандық жобалармен айналысады», — делінген басылым хабарламасында.
Сондай-ақ топ-8-ге ресторатор Асқар Байтасов, Freedom Holding Corp негізін қалаушы Тимур Турлов және Integra Construction KZ бенефициары Шахмұрат Мұталип енді.
Дереккөз: Nur.kz