...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Канье Уэст концерті кезінде Алматыдағы байланыс шектеледі: Tele2/Altel әкімдікпен келісті

Канье Уэсттің концертін ұйымдастырушылар жергілікті билікпен келісе отырып, Tele2/Altel-ге Орталық стадион аумағында жиіліктердің бір бөлігін уақытша шектеу туралы өтініш білдірді. Бұл шара концерт кезінде қолданылатын және сол жиілік диапазонын пайдаланатын арнайы техникалық жабдықтың дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай техникалық талаптар басқа елдерде, оның ішінде Грузия мен Түркияда да қолданылған.

Tele2/Altel бұл ауқымды шараның Алматы үшін маңыздылығын түсінеді және әкімдіктің өтінішін қолдап, концертті өткізуге қажетті техникалық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, Tele2/Altel іс-шара өтетін аумақта клиенттердің мобильді байланысы мен интернетінің қолжетімділігін сақтау үшін барлық қолжетімді техникалық мүмкіндіктерді пайдаланады. Дегенмен, ұйымдастырушылардың техникалық талаптарын орындау үшін қажет жиіліктердің уақытша шектелуі, күтілетін жоғары жүктемемен қатар, кейбір кезеңдерде мобильді интернет жылдамдығына әсер етуі мүмкін.

Концертке баруды барынша ыңғайлы өткізу үшін Орталық стадионға келгенге дейін телефонға билеттерді, QR-кодтарды және іс-шараға кіруге қажетті басқа ақпаратты алдын ала жүктеп алуды ұсынамыз.