Алматыда Mitsubishi көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 20 жастағы қызды қағып кетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші батыс бағыттағы даңғылмен келе жатып, Өтеген батыр көшесіне солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Көлік дөңгелегінің астына 20 жастағы қыз түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ол дене жарақатын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Осы факті бойынша Әуезов ауданы полиция басқармасының қызметкерлері тергеу бастады», — делінген хабарламада.
Алматы полициясы жүргізушілерді маневр жасау кезінде, әсіресе қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігін әрдайым ескеруге шақырады.
