
Қазақстандық лоукостер Flyarystan Алматы – Сиань бағыты бойынша жаңа халықаралық рейс ашады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Алғашқы рейс 2026 жылдың 30 маусымына жоспарланған.
Ұшулар аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері орындалады. Кесте бойынша Алматыдан ұшу 21:25-те, Сианьға қону жергілікті уақытпен келесі күні 4:50-де жоспарланған. Кері рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалып, Алматыға 8:20-де қонады.
Дереккөз: Inalmaty.kz