...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы Медеу ауданының тұрғындарына газ өшірілетін болды

Алматыдағы Медеу ауданында 12-16 мамыр аралығында газбен жабдықтау уақытша тоқтатылады. Бұл жаңа газ құбырларын қолданыстағы желілерге қосу үшін қажет, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалы жұмыстарды екі кезеңмен жүргізеді. Бірінші кезең 12-16 мамырға жоспарланған.

Газ келесі көшелер аймағында өшіріледі: Көк-Төбе шағын ауданы — Достық даңғылы — Армянская көшесі — Таттимбет көшесі.

Жұмыс кезінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер қойылуы мүмкін:

  • Ж. Омарова көшесінің Таттимбет көшесімен қиылысында;
  • Луганский көшесінің Армянская көшесінен Әл-Фараби даңғылындағы көпірге дейінгі учаскесінде.

Жаңа желілерді қосу осы аудандағы газбен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді, — делінген әкімдік хабарламасында.

Дереккөз: Nur.kz