Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Асылжан Бақытжанұлы ресейлік ACA лигасының үй турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ACA 205 шоуы Алматыда өтті. Бақытжанұлы негізгі кардта жартылай ауыр салмақта (93,4 келіге дейін) ресейлік Виталий Бигдашпен — One FC промоушенінің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізді.
Қарсыласу үш раундқа созылып, 36 жастағы қазақстандықтың төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңісімен аяқталды.
Бақытжанұлы қатарынан екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Қазір оның еншісінде кәсіби ММА-да 19 жеңіс және жеті жеңіліс бар.
41 жастағы Бигдаштың екі жеңістен тұратын сериясы үзілді. Ресейлік спортшының жалпы есебінде 14 жеңіс және бес жеңіліс бар.
Дереккөз: Nur.kz