...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

BBC Travel Алматыны 2027 жылғы үздік 20 бағыт қатарына қосты

Британдық басылым Алматыны 2027 жылы саяхаттауға арналған әлемнің үздік 20 бағытының қатарына енгізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

BBC Travel Іле Алатауының етегіндегі қаланы заманауи өнермен, қазақстандық қолөнермен және дала асханасымен танысу үшін баруға кеңес береді.

Тізімге сондай-ақ Франциядағы Бургундия, Италиядағы Сардиния, Канаданың Альберта провинциясы және Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч кірді. Іріктеу кезінде редакция туризм мәдени мұра мен табиғатты сақтауға көмектесетін және жергілікті қауымдастықтарға пайда әкелетін бағыттарға ерекше назар аударды.

Басылым суретшілер мен дизайнерлердің өңірдің көшпелі мұрасына және тенгриандықпен байланысты бейнелерге қалай жүгінетінін атап өтеді. Қалалық галереяларда дәстүрлі қазақ қолөнерін қайта ойластыратын алматылық шеберлердің жұмыстарымен танысуға болады.

BBC Travel 2027 жылдың жазында сапарға шығуға негіз ретінде The Spirit of Tengri халықаралық фестивалін атайды, онда дәстүрлі музыка заманауи аранжировкада шырқалады. 2026 жылдың маусымында фестиваль Абай алаңында шамамен 50 мың көрермен жинады.

2027 жылы Cathay Pacific Гонконг пен Алматы арасында тікелей рейстерді бастайды. Гонконгтан алғашқы ұшу 9 қаңтарға жоспарланған. BBC Travel перспективалы бағыттар қатарында Нью-Йоркты да атайды. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі 2027 жылдың соңына дейін Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспары туралы хабарлады.

Алматының BBC Travel тізіміне енуі қаланың туризмді дамыту жөніндегі жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді.