Қазақстан астанасы мен ірі қалаларында 27-29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 26 қыркүйекке республиканың бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.
Астанада 27 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен еседі. Түнде ауа температурасы +1+3°С, топырақ бетінде -2°С-қа дейін аяз болады, күндіз +13+15°С.
28 қыркүйекте де жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде -1-3°, күндіз +13+15°С.
29 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде -1-3°, күндіз +15+17°С.
Алматыда 27 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С.
28-29 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 3-8 м/с. Түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.
Шымкентте 27 қыркүйекте айнымалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +12+14°С, күндіз +22+24°С.
28-29 қыркүйекте айнымалы бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.
