...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда 27 қыркүйекте 78 автобус бағыты өзгеріп, 9 троллейбус қатынамайды

Алматыда 27 қыркүйекте марафон трассасына кіретін учаскелерде көлік қозғалысы толық жабылуына байланысты 78 автобус бағытының схемасы өзгеріп, 9 троллейбус бағыты уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін, 26 қыркүйекте қала әкімдігінің жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады.

Шектеулер кезеңінде мына автобус бағыттарының қозғалыс схемалары түзетіледі: №2, 3, 4, 5, 5А, 5Б, 12, 18, 19, 21, 22, 25, 29, 29Р, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 38А, 44, 45, 48, 55, 56, 57, 59, 62, 63, 63А, 65, 66, 70, 72, 77, 79, 80, 81, 85, 86, 87, 90, 92, 95, 98, 99, 101, 103, 104, 106, 107, 109, 112, 113, 116, 118, 119, 120, 120А, 121, 123, 124, 127, 128, 130, 132, 135, 137, 140, 141, 145, 205, 209, 210, 211, 218 және 224. Олар үшін уақытша айналып өту схемалары қарастырылған.

Сонымен қатар марафон аяқталғанша троллейбустың №1, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19 және 25 бағыттарының қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына іс-шара аяқталып, шектеулер алынған соң қоғамдық көлік әдеттегі схемаларға қайтатынына сендірілді.

Осыған байланысты уақытша өзгерістерді ескеріп, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады.

23 қыркүйек 2026 жылы Алматыда төрт автобустың қозғалыс схемасы өзгертілгені белгілі болды.