Қазақстан астанасында түнде топырақ бетінде 3 градус аяз болады, ал Алматы мен Шымкентте айдың соңында жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
29 қыркүйек – 1 қазан аралығындағы ауа райы болжамы бойынша, Астанада 29 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел солтүстік-шығыстан және шығыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде ауа температурасы +1…+3°, топырақ бетінде 3°С аяз, күндіз +17…+19°С.
30 қыркүйекте Астанада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде +4…+6°, күндіз +17…+19°С.
1 қазанда Астанада айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып 9-14 м/с. Түнде +4…+6°, күндіз +13…+15°С.
Алматыда 29 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік бағыттан 3-8 м/с. Түнде +9…+11°С, күндіз +21…+23°С.
30 қыркүйекте Алматыда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде +10…+12°С, күндіз +22…+24°С.
1 қазанда Алматыда айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8, кейде екпіні 13 м/с. Түнде +11…+13°С, күндіз +21…+23°С.
Шымкентте 29 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып 8-13, екпіні 15-20 м/с. Түнде +10…+12°С, күндіз +22…+24°С.
30 қыркүйекте Шымкентте айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Түнде +11…+13°С, күндіз +21…+23°С.
1 қазанда Шымкентте айнымалы бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Түнде +10…+12°С, күндіз +18…+20°С.
