...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы полициясы Жетісу облысы прокурорының орынбасарының ұлы туралы постқа қатысты тексеру жүргізіп жатыр

Алматы полициясы 11 қыркүйекте Шығыс айналма автожолында болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде апатқа қатысушылардың бірі Жетісу облысы прокурорының орынбасары Ілияс Бескемпіровтің ұлы болған деген ақпарат тарады. Бұл туралы @abvnovosti парақшасы Threads желісінде жазды.

Жарияланымда ер адамның жылдамдықты арттырып, төрт көлікті соққаны, салдарынан үш адам ауруханаға түскені айтылған.

NUR.KZ тілшісі Алматы полиция департаментіне ресми түсініктеме сұрап хабарласқан.

«11 қыркүйекте орын алған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Кінәлі адамдар, олардың мәртебесіне, лауазымдық және әлеуметтік жағдайына қарамастан, «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде заңда көзделген жауапкершілікке тартылады», — деп жауап берді полицияда.