«Қазгидромет» 7-9 қазан күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қалай болатынын хабарлады, деп жазады Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 7 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +10+12°С.
8 қазанда бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +8+10°С.
9 қазанда ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +7+9°С.
Алматыда 7 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соққан жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +15+17°С.
8-9 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +19+21°С.
Шымкентте 7 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +18+20°С.
8 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +21+23°С.
9 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +21+23°С.
Бұған дейін «Қазгидромет» 2026 жылғы қазан айына нақтыланған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған. Одан Қазақстанда -10°С-қа дейін суық, қар және +30°С-қа дейін ыстық қайта оралатыны белгілі болды.
