...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Астана мен Алматыдан Ларнакаға тікелей рейстер іске қосылады

Астана мен Алматыдан Кипр Республикасының ірі туристік және тарихи орталықтарының бірі Ларнакаға тұрақты рейстер іске қосылады. Рейстерді Air Astana әуекомпаниясы орындайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңа рейстердің іске қосылуы туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Астанадан Ларнакаға рейстер 2 маусымнан бастап аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Алматыдан рейстер 4 маусымнан бастап аптасына екі рет — бейсенбі және жексенбі күндері ұшырылады.

СІМ Қазақстан азаматтарына Кипрге кіру үшін виза рәсімдеу қажет екенін еске салды. Ведомство халықаралық әуе қатынасы географиясын кеңейту және Қазақстанның көліктік өзара байланысын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, әуе тасымалдаушы осы бағыт бойынша тұрақты рейстерді қыркүйекке дейін орындайды.

Дереккөз: Inform.kz