...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы колледжінің студенттеріне 50 млн теңге қарыз болып қалған

Алматыдағы халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінің студенттері мемлекеттік стипендия мен жол жүру шығынын өтемақысын ала алмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы 2026 жылғы 19 қазанда Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді. Ведомствоның дерегінше, оқу орнының алдындағы қарыз шамамен 50 млн теңгеге жеткен.

Прокуратура араласқаннан кейін бұзушылықтар жойылған.

Ал Астанада жатақхана коменданты студенттер мен оқу орны қызметкерлерінен ай сайын 14 300 теңгеден жинап отырған. Ол бұл ақшаны басшылықтың тапсырмасы деп түсіндірген. Нәтижесінде сенгіш студенттер мен қызметкерлердің есебінен 3 млн теңгеден астам қаражат тапқан.