...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Әлем

Астана мен Алматыдан Дубайға рейстер тоқтатылды: жағдай шиеленісуде

Алматы – Дубай – Алматы (KC897/898) бағытындағы 13 және 14 шілдеге жоспарланған рейстер, сондай-ақ Астана – Дубай – Астана (KC205/206) бағытындағы 14 шілдедегі рейс тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жолаушылар билетті сатып алған жерінен толық қайтаруға немесе 12-18 шілде аралығындағы рейстерден 31 шілдеге дейінгі кез келген күнге тегін қайта броньдауға мүмкіндік алады.

Авиакомпанияда жағдайдың дамуын бақылап, жолаушыларды шығару мәселелерін пысықтап жатқандарын хабарлады.

Бұған дейін Астанадан Дубайға ұшқан ұшақтың әуеде бұрылып, Қазақстанға қайтарылғаны хабарланған еді.

Дереккөз: Zakon.kz