11-16 шілде аралығында Алматы аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Ол жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алты күн бойы полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді, ЖҚЕ-нің ең қауіпті бұзушылықтарын анықтауға ерекше көңіл бөледі. Назарда — көлік құралын мас күйінде басқару, қарсы жолаққа шығу, белгіленген жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпай жүру, жаяу жүргіншілер мен қоғамдық көлік, мотоцикл және мопед жүргізушілерінің бұзушылықтары.
«Жолдардағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігінен басталады. Біздің міндетіміз — тек бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар қайғылы оқиғалардың алдын алу, адам өмірін сақтау. Барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді ЖҚЕ-ні қатаң сақтауға шақырамыз және еске саламыз: заң мен тәртіп бір-біріне құрметтен басталады», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінур Тасыбаев.
Полиция ЖҚЕ-ні сақтау — жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігінің қажетті шарты екенін еске салады.
Дереккөз: Almaty.tv