13 шілдеде Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға жүріп-тұруды жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 13 шілдеде ҚМЖ Астанада, түнде Өскеменде, Риддерде және Алматыда болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін, бұл адамдардың денсаулығына әсер етеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде мыналар ұсынылады:
• өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру қажет;
• ашық ауада дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтырумен және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Бұған дейін 13 шілдеге Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланған болатын.
Дереккөз: Inform.kz