Астана қаласының бас жоспарында қала тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 1 965 500 адамға, ал 2035 жылға қарай 2 275 000 адамға жететіні болжанған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана халқы 1 674 699 адамды құраған.
Халық санының өсуін ескере отырып, Бас жоспарда 2035 жылдың соңына қарай жалпы қуаты 159 194 орындық, яғни 206 балабақша салу көзделген. Сонымен қатар, жалпы қуаты 256 170 орындық жалпы білім беретін мекемелер салу жоспарланған. Жалпы білім беретін мектептерге қажеттілік 2030 жылға қарай 182 423 орынды, ал 2035 жылға қарай 256 170 орынды құрайды.
Еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласының халқы 2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша 2 366 525 адамды құраған.
Астана қаласының Бас жоспарының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
