...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы Жандосов көшесінде бірнеше күнге қозғалыс шектеледі

Алматыдағы Жандосов көшесінің бір бөлігінде жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 11 тамыз сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі аралықта реверсивті қозғалыс енгізіледі.

Әкімдікте жолдың толық жабылмайтынын атап өтті.

«Жол қозғалысына қатысушыларды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, жылдамдық режимін және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға шақырамыз», — делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ қала тұрғындарына жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.