Синоптиктер Алматыда алдағы жеті күнге, 13-19 шілде аралығына ауа райы болжамын жариялады. OpenWeather порталындағы мәліметке сәйкес, 13 шілдеде қалада аздаған жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
13 шілдеде ауа температурасы орта есеппен +26 градусты құрайды. Күндіз ауа +32 градусқа дейін жылыса, түнде +23 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,5 м/с болады.
14 шілдеде бұлтты ауа райы күтіледі. Температура +27 градус шамасында болады. Максималды температура +33 градус, ал минималды +22 градус. Жел жылдамдығы 3,8 м/с дейін жетеді.
15 шілдеде ашық аспан күтіледі. Орташа температура +29 градус. Күндіз температура +36 градусқа көтеріліп, түнде +23 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 3,7 м/с.
16 шілдеде Алматыда ашық ауа райы уәде етіледі. Орташа температура +31 градус. Максималды температура +38 градусқа дейін көтеріліп, +25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Жел жылдамдығы 4,1 м/с тең болады.
17 шілде – жауын-шашынсыз. Тәуліктік орташа температура +33 градус. Күндіз ауа +40 градусқа дейін жылыса, түнде +26 градусқа дейін салқындайды. Жел жылдамдығы 4,3 м/с.
18 шілдеде ашық аспан күтіледі. Орташа температура +35 градус белгісінде тұрақтайды. Максималды температура +40 градус, минималды +28 градус. Болжамды жел жылдамдығы – 3,9 м/с.
19 шілдеде, болжам бойынша, қайтадан ашық аспан болады. Орташа температура +28 градус. Ауа +36 градусқа дейін жылыса, түнде +23 градусқа дейін салқындайды. Жел жылдамдығы 7,6 м/с құрайды.
Дереккөз: Nur.kz