...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Астана, Алматы және Шымкентте 16-18 тамызда ауа райы қандай болады

16-18 тамыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады: кейбір қалаларда жаңбыр мен найзағай күтілсе, басқаларында аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астанада 16 тамызда айнымалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр, найзағай болады. Жел секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-18 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +16…+18°C, күндіз +23…+25°C.

17 тамызда Астанада жауын-шашынсыз, айнымалы бұлттылық болады. Жел секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін. Түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C.

18 тамызда қайтадан жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін. Түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.

Алматыда 16-18 тамызда жауын-шашынсыз, айнымалы бұлттылық болады. Жел секундына 3-8 метр. 16 тамызда түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C. 17 тамызда түнде +21…+23°C, күндіз +31…+33°C. 18 тамызда күндіз +31…+33°C.

Шымкентте де жауын-шашынсыз, айнымалы бұлттылық болады. Жел секундына 8-13 метр. 16 тамызда түнде +23…+25°C, күндіз +37…+39°C. 17 тамызда түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C. 18 тамызда түнде +20…+22°C, күндіз +34…+36°C.

Бұған дейін «Қазгидромет» Қазақстанның бес қаласының тұрғындарын 16 тамызда ауаның жоғары ластануы туралы ескерткен болатын.