Қазақстанның үш ірі қаласында 16-18 қыркүйекте ауа райы айнымалы бұлтты болады, ал түнгі температура +6°С-тан күндізгі +32°С-қа дейін ауытқиды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 16 қыркүйекте ауа райы айнымалы бұлтты, жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +8…+10°С, күндіз +20…+22°С болады.
17 қыркүйекте елордада айнымалы бұлтты ауа райы сақталады, жел секундына 7-12 метрге дейін күшейеді. Түнде +6…+8°С, күндіз +23…+25°С күтіледі.
18 қыркүйекте Астанада жел секундына 14 метрге дейін көтеріледі. Түнде ауа +11…+13°С-қа, күндіз +24…+26°С-қа жылынады.
Алматыда 16 қыркүйекте айнымалы бұлтты ауа райы орнайды. Түнде +14…+16°С, күндіз +26…+28°С болады.
17 қыркүйекте мегаполисте әлсіз жел соғуы мүмкін. Түнде ауа температурасы +11…+13°С, күндіз +24…+26°С шамасында.
18 қыркүйекте Алматыда түнде +11…+13°С, күндіз +27…+29°С күтіледі.
Шымкентте 16 қыркүйекте жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде +16…+18°С, күндіз +30…+32°С ыстық болады.
17 қыркүйекте қалада жел секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +15…+17°С, күндіз +30…+32°С сақталады.
18 қыркүйекте Шымкентте жел секундына 13 метрге дейін күшейеді. Түнде +16…+18°С, күндіз +30…+32°С болады.
Ел бойынша 15-17 қыркүйекке арналған толық болжамды сілтеме арқылы оқуға болады.
