Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болжалса, Алматы мен Шымкент тұрғындарына қолшатыр мен жылы киім қажет болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматыда ауа райы қолайсыз болады. Бұл туралы қала тұрғындарын Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдік ескертті.
Астана:
11 қараша: ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Әлсіз жел, секундына 7 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -5…-7°С, күндіз -1…+1°С.
12 қараша: ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -4…-6°С, күндіз -1…+1°С.
13 қараша: ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -2…-4°С, күндіз 0…+2°С.
Алматы:
11 қараша: бұлтты, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7°С, күндіз одан әрі төмендейді.
12 қараша: ала бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +5…+7°С.
13 қараша: ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз +5…+7°С.
Шымкент:
11 қараша: бұлтты, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7°С, күндіз одан әрі төмендейді.
12 қараша: ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз +7…+9°С.
13 қараша: ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 13 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз +5…+7°С.
