...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Астана, Алматы және Шымкентке арналған жаңартылған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 25-27 тамыз 2026 жылы елімізде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ ауа температурасының +35°С-қа дейін көтерілуі бір мезгілде байқалады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астана қаласы бойынша 26 тамызда ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +25…+27°С болады. Жел оңтүстік бағыттан соғады, жылдамдығы түнде 0-5, күндіз 5-10 м/с. 27 тамызда түнде +16…+18°С, күндіз +27…+29°С, жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с. 28 тамызда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, 9-14, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +13…+15°С, күндіз +23…+25°С.

Алматыда 26 тамызда түнде +14…+16°С, күндіз +27…+29°С, жел солтүстіктен 3-8 м/с. 27 тамызда түнде +15…+17°С, күндіз +29…+31°С, жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. 28 тамызда түнде +17…+19°С, күндіз +31…+33°С, жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с.

Шымкентте 26 тамызда түнде +16…+18°С, күндіз +33…+35°С, жел солтүстік-шығыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с. 27-28 тамызда түнде +20…+22°С, күндіз +34…+36°С, жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с.