...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматының екі ауданында бес күнге газ өшіріледі

Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде 27 шілдеден 31 шілдеге дейін табиғи газ уақытша өшіріледі. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шектеу Төле би көшесіндегі жол салу аясында жоғары қысымды газ желілерін қайта құруға байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Газ беру 27 шілде сағат 9:00-ден 31 шілде сағат 18:00-ге дейін Момышұлы көшесі, Абай даңғылы, Құрылысшы, Мөңке би және Фариза Оңғарсынова көшелерінің шегінде тоқтатылады.

Тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырамыз, — делінген әкімдік хабарламасында.

Дереккөз: Inalmaty.kz