Алматыда Есентай өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты магистральдық су құбырын қайта жабдықтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы 2026 жылғы 16 қыркүйекте қала әкімдігі ескертті. Осыған байланысты 18 қыркүйекте сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Тимирязев, Жароков көшелері мен Абай, әл-Фараби даңғылдарының аралығындағы төртбұрышта су беру тоқтатылады.
Тұрғындардан жұмыстарға байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Сонымен қатар, 16-20 қыркүйек аралығында Алматыда ЖРТ құрылысына байланысты Б. Момышұлы көшесінің Зерделі шағын ауданынан Д. А. Қонаев атындағы мешітке дейінгі учаскесінде қозғалыс шектелген.
