...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қаржы

Алматы мен Астанадан Измирге жаңа рейстер ашылады

Түркияның SunExpress әуекомпаниясы Астана мен Измир арасында тұрақты әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр, ал Алматыдан Измирге қатынайтын рейстер санын көбейтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңа бағыт бойынша ұшулар аптасына екі рет орындалады. Сондай-ақ 25 қазаннан бастап әуекомпания Алматы – Измир бағытындағы рейстер жиілігін аптасына 2-ден 3-ке дейін арттырады.

«Сонымен қатар ағымдағы жылдың 25 қазанынан бастап әуекомпания қолданыстағы Алматы – Измир бағыты бойынша рейстер жиілігін аптасына 2-ден 3-ке дейін арттырады. Әуе қатынасының ашылуы мен рейстер санының ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде», — делінген хабарламада.

Бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы Стамбул мен Ақтау арасындағы тікелей әуе қатынасын жаңғыртатынын хабарлаған болатын. Рейстер қазан айында іске қосылады.

Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия тұрақты әуе рейстеріне қойылатын шектеуді ұлғайтты — негізгі және туристік бағыттар бойынша енді аптасына 224 рейске дейін орындауға рұқсат етілген.