...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы тауларында бангладеш студенті мен екі жасөспірім қатып қалды

Алматы тауларында 20 жастағы Бангладеш азаматы мен оның 16 және 19 жастағы екі досы қатты суықтан әлсіреп, өз бетінше төмен түсе алмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар тауда патрульдеу кезінде үшеуін тауып, тау етегіне шығарып, өрт сөндіру бөлімінің медициналық пунктіне жеткізді.

Дәрігерлер қарап шыққаннан кейін оларға медициналық көмек қажет емес екені анықталды. Тау етегінде жастарды туыстары қарсы алып, үйлеріне алып кетті.

Бұған дейін Ақмола облысында құтқарушылар өртеніп жатқан шаруашылық құрылысынан көгершіндерді алып шыққаны хабарланған болатын.